Байден Трампқа шабуылда қарудың осы түрі қолданылғаны белгілі болған.
"Дональд Трампқа оқ атуда AR-15 үлгісіндегі мылтық (винтовка) қолданылған. Бұл өте көп адамды, оның ішінде балаларды өлтірген қару. Оған тыйым салатын уақыт келді", - деді Байден Лас-Вегастағы митингте.
Өз кезегінде республикашылдар, оның ішінде Дональд Трамп оған қарсы болып, қарулы адам қылмыскерлерге қарсылық көрсете алады дейді. Конгресс республикашылдардың қолдауынсыз AR-15 мылтығын ашық сатуға тыйым сала алмайды.
Дональд Трамп 13 шілдеде Батлер қаласында жақтастарымен кездесу кезінде құлағынан оқ ұшып өтіп, жеңіл жарақат алған. Ақпаратқа қарағанда, оқ атқан адамды қосқанда екі адам қаза тауып, тағы екі адам жеңіл жарақат алған. ФБР бұл оқиғаны зерттеп жатқанын мәлімдеді. Оқ атқан адам 20 жастағы Томас Мэтью Крукс екені айтылған.