Оның сөзінше, бүгінгі күні армияға кеткен мигранттардың саны 10 мыңнан асты.
"Азаматтық алған адамдар әскери тіркеуге тұрып, арнайы әскери операцияға қатысуға міндетті деген Конституцияның жаңа заңдарының баптарын жүзеге асыра бастадық", - деді ол.
Оның сөзінше, әскери тіркеуге тұруды қаламаған 30 мыңнан астам адам ұсталған.
2022 жылы Ресейдің шабуылы басталғаннан бері Ресейге жұмыс іздеп барған еңбек мигранттарын соғысқа жөнелтіп жатқаны айтылып келеді.
2011 жылдан бері тергеу комитетін басқарып келе жатқан Бастрыкин осыған дейін де бірнеше рет мигранттарға қарсы шығып, миграция заңдарын күшейтуді қолдаған.