Ссылки доступа

"Барки точик": Рогун ГЭС-і аяқталмайынша, энергияға шектеу қойыла береді


Тәжікстанның "Барки точик" мемлекеттік энергохолдингі Рогун ГЭС-і салынып, қолданысқа берілмейінше, күз-қыс мезгілінде энергияға шектеу қойыла береді деп мәлімдеді.

"Барки точик" компаниясының төраға орынбасары Абдулло Курбонзода су қоймасында судың қалыпты деңгейден төмен болуы электр энергиясына деген сұранысты арттырып отыр дейді.

Биыл мамыр айында Тәжікстан 15 жыл үзілістен кейін Орталық Азияның біріңғай энергия жүйесіне қосылған. Бұл тәжікстандықтарға үлкен үміт сыйлаған еді. Бірақ "Барки точик" басшылығы бұл қадам да, елдегі электр энергиясына деген тапшылықты шеше алмай отыр дейді.

Тәжікстанның "Электр желілерін жеткізуші" компаниясының төраға орынбасары Раджабали Халимов бәрі Өзбекстан мен Қазақстанға байланысты дейді.

"Түркіменстан Орталық Азияның энергия жүйесіне қосылмады. Бірақ оларда Өзбекстан арқылы бізге электр энергиясын сатуға мүмкіндік бар", - деді ол.

Тәжікстанда соңғы жылдары, әсіресе күз бен қыста тұтынушыларға электр энергиясы үнемдеп беріледі. Тұрғындар билік халқы жарықсыз отырғанда, Ауғанстанға және көрші елдерге электр энергиясын экспорттап келеді деген наразылығын білдіріп келеді.

XS
SM
MD
LG