Ссылки доступа

Қырғызстанның бірқатар банктері Ресейге ақша аудару жүйесін шектеп жатыр


АҚШ қаржы министрлігі 12 маусымда Ресейдің бірқатар қаржы институттарына санкция салды. Оған сәйкес, Мәскеу биржасы, Ресейдің Ұлттық клиринг орталығы және Ұлттық есептеу депозитариі Вашингтонның қара тізіміне енген.

Бұлармен әріптесік орнататын шетелдік банктер де санкцияға салынады деп ескертілген.

Бұл жөнінде Қырғызстанның Ұлттық банкі 13 маусымда мәлімдеме жасады. Онда жағдай ішкі валюта нарығында салыстырмалы түрде тұрақты екені айтылған. Сонымен бірге валюта нарығында тұрақтылықты сақтау үшін тиісті шаралар қолданылатыны айтылған.

Қырғызстанның бірқатар банктері Ресейге ақша аудары жүйесін уақытша шектегенін мәлімдеді.

Оның ішінде "Золотая корона", Astrasend, "Юнистрим", "РИА" және Western Union ақша аудару жүйесі уақытша істемейтінін жеткізді.

Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, 2023 жылы Қырғызстанда халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы 165 млрд сомнан астам ақша аударылған. Оның ішінде 125,5 млрд сом Қырғызстанға аударылса, 39,8 млрд сом сыртқа шыққан.

Ақша аудару системасы ішінде ең көп ақша аударылғаны "Золотая Корона" және "Юнистрим" операторлары болған.

XS
SM
MD
LG