Мәліметтерге қарағанда, бекет арқылы автокөліктерді өткізбей жатыр.
Армия дерегінше, құрлықтағы операция кезінде ХАМАС тобының жиырма содыры өлтірілген. ЦАХАЛ басып алған аймақты тазартып жатыр.
Бұның алдында Израиль әскери мекемесі Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында, Египетпен шекарада операция жүргізуге шешім қабылдаған. Армия Рафахты содырлардың соңғы тірегі деп атаған.
Дүйсенбі күні Израиль әскерилері Рафах қаласының тұрғындарын Әл-Маваси және Хан-Юнис аудандарына көшуге кеңес берген.