Қызмет ұзақ жылдар бойы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанда жүздеген бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатып, көпшілікке аймақтың ғана емес, әлемнің ең өзекті жаңалықтарын жылдам жеткізуге тырысты.
Тоғыз жылдың ішінде біздің жоба аймақтағы көптеген БАҚ-тың басын қосып, Азаттық радиосы корпорациясының (RFE/RL) барлық қызметтерінен алынған жаңалықтарды бес тілде таратып келді.
Аймақтағы ақпарат құралдарына мейлінше көбірек жаңалық таратуға, сол арқылы ақпарат кеңістігін толтыруға көмектесуді көздеген жобаның да уақыты түгесілді. Біздің ұжым әр елдегі оқырманға, әріптеске және жанашыр досқа алғыс айтады!
Орталық Азия жаңалықтар қызметінің осы жылдары атқарған жұмысы туралы пікір айтам деушілерді тыңдауға әрдайым дайынбыз.
Жоба қызметі тоқтағанымен, www.centralasian.org сайты әрі қарай жұмыс істей береді. Сайт болашақта бұдан да кең аудиторияға қызмет көрсетеді.
Сонымен бірге, Мигрант.медиа телеграм-арнасының да жұмысы тоқтамайды. Ол да оқырмандарды Орталық Азия ғана емес, әлемдегі көші-қон барысынан хабардар ете береді.
Құрметпен, Орталық Азия жаңалықтар қызметінің ұжымы!