Ссылки доступа

Садыр Жапаров айлығы аз 40 шенеунік "материалдық көмек" алатынын мәлімдеді


Қырғызстанда мемлекеттік органдардың айлығы аз 40 жетекшісі ай сайын президент қорынан материалдық көмек алады. Бұл туралы Садыр Жапаров "Кабар" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Жапаров шенеуніктер "жұмыс істеп жүрген жерден ақша ұрламас үшін" осындай шешім қабылдағанын түсіндірді. Президент материалдық көмек көлемі туралы айтпады, бірақ қаражат бюджеттен алынбайтынын ескертті.

Мемлекет басшысының айтуынша, президент қорынан материалдық көмек алғандар арасында жақында ұсталған бір шенеунік те болған. Рустам Жокаев көлік агенттігін басқарып жүрген уақытта қолға түскен. Президенттің айтуынша, Жокаев президент қорынан ай сайын 2 мың доллар алып тұрған.

"Оны не себепті ұстағанын тексердім. Ол жемқорлық жүйесін жасап, көлік жүргізу куәліктерін сатқан" дейді Жапаров.

ҰҚМК мәліметінше, көлік агенттігінің бірнеше қызметкері ұсталған. Бішкектің Бірінші май аудандық соты Рустам Жукаевты қамау туралы шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG