Ссылки доступа

Ташкентте оқушыны ұрған мүғалімге айыппұл салынды


Ташкентте № 188 орта мектепте орыс тілі пәні сабағында алтыншы сынып оқушысына қол көтерген мұғалімге айыппұл салынды, ал мектеп директоры жұмыстан шығарылды.

"Газеты.uz" мәліметінше, еш жерде жұмыс істемеген, 2014 жылдан бері Қазақстанға, Ресейге жұмыс істеуге барып жүрген О.Р. биыл 23 қыркүйекте №188 мектепке жұмысқа орналасуға келген. Мектеп директоры ешқандай құжат рәсімдеместен оған орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беруді тапсырған, директордың орынбасары қызметіне алмақ болған.

23 қыркүйекте, алғашқы жұмыс күні, ол алтыншы сынып оқушысын ұрған. Әйел сабақты екі тілде: орыс және өзбек тілдерінде жүргізген. Оқушылардың бірі (ұлты татар) сабақты орысша жүргізуді сұраған. Әлеуметтік желілерде таралған видеода әйелдің баланың құлағынан тартып, тақтаға алып шығып, бетінен ұрғанын, басын тақтаға соққылағанын көруге болады.

Сотта оқушының анасы осы оқиғадан кейін мектепке барғысы келмей қалғанын айтқан. Ертесіне әйел мектепке хабарласқан уақытта, директордың орынбасары оның өзіне жекіген. Оқушының әкесі де ұрыс естіген.

Оқушының ата-анасы құқық қорғау органдарына арызданған.

Әйел сотта кінәсін ішінара мойындаған. Оқушыға қол көтерген әйелге 6,8 млн сум немесе 534 доллар айыппұл салынған.

XS
SM
MD
LG