Ссылки доступа

Өзбекстан: мақта бағасын түсіруді талап ету шындыққа сәйкес келмейді


Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге мақта бағасын түсіру үшін қосымша келісім-шартқа отыруды талап етіп жатыр деген ақпаратқа қатысты мәлімет таратты.

"Кун.уз" газеті Сұрхандария облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Рахматулло Гафаров мақта бағасы 6800 сумға (0,5 долларға) дейін түсіруді талап етіп жатыр деп жазған. Шенеунік осыған дейін мақтаның бір келісі 8-9 мың сум болады деген келісімнің күші жойылады деп ескерткен.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәліметте теріске шығарып, ешқандай шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді.

XS
SM
MD
LG