Сотта Наумов кінәсін мойындамаған. Ол бұл уақытта Украинада соғыста болғанын айтқан. SOTAvision мәліметінше, Наумов 2023 жылдың маусым айына дейін соғыста болған. Бірақ ол қыста демалысқа үйіне келген деген мәлімет бар.
Далер Бобиевт қамқорына алған Вероника Наумова 2023 жылдың 26 маусымында Далер Бобиевтің жоғалып кеткенін мәлімдеген. Ол бұған дейін де үйінен қашып кеткен. Үш күн бойы баланы жүздеген адам іздеді. Кейін баланың 2022 жылдың желтоқсан айында өлтірілгені белгілі болған.
Сот үкімі алдында Наумов журналистерге егер оны түрмеге қамайтын болса, "Украинаға арнайы операцияға қайта жіберуін сұраймын" деген.
Қазір Вероника Наумова мен оның 21 жастағы немере інісіне қарсы сот отырысы жалғасып жатыр. Прокуратура мәліметінше, олар баланы суға тұншықтырған. Тергеу ісі Наумова Егольниковты қылмыс жасауға мәжбүрлеген.
Екеуіне де ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды.