Сот шешіміне сәйкес, Сәлиев ҰҚМК тергеушісінің өтінішімен 4 қарашаға дейін қамауға алынған. Мәліметтерге қарағанда, Сәлиевтің үстінен "қызмет бабын асыра пайдалану" бабы негізінде іс қозғалған. Істің мән-жайы әзірге белгісіз.
ҰҚМК Сәлиевтің қамалуы туралы ешқандай мәлімет бермей отыр.
Сәлиев бұған дейін де істі болған. 2021 жылғы маусым айында арнайы қызмет шенеунікті заңсыз байыды деген күдікпен ұстаған. ҰҚМК нұсқасына қарағанда, мемлекеттік қызмет атқарып жүрген уақытта шенеунік табысына сай келмейтін қымбат мүлік сатып алып, құрылыс компанияларының біріне инвестиция құйған.
Бұған қоса, арнайы қызмет Сәлиев сот жүйесінің жұмысына белсенді түрде араласты деп есептейді. 2021 жылғы желтоқсанда Сәлиевті тергеу изоляторынан босатқан.
Сәлиев 2017 жылғы желтоқсанда Сооронбай Жээнбеков билігі кезінде президент аппараты жетекшісінің орынбасары болып тағайындалған. 2020 жылғы қазанда президент қызметін уақытша атқаруға кіріскен Садыр Жапаров Сәлиевті қызметтен босатқан.