Ол “Мигрант Медиа” жобасына берген сұқбатында дәрігерлер үш күнде екі операция жасағанын, бұл медициналық практиканың талаптарын бұзу болып саналатынын айтты.
Умед бұл сөзін растайтын құжаттарды көрсетіп, дәрігерлердің анасына жасаған шешіміне наразылығын білдірген. Ол Тәжікстан консулдығынан көмек сұраған. Бірақ консул ота алдындағы қол қойылған келісімге сәйкес, аурухана бұл үшін жауапкершілік алмайтынын түсіндірген.
Ресейде 13 жылдан бері жұмыс істейтін Умед мигранттарға қатысты жасалатын әділетсіздікке налиды.