Енді бұл қызметті тек лицензиясы бар фирмалар ғана ұсына алады. Тәртіп бұзушыларға 68 миллион сумға дейін (5400 долларға жақын) айыппұл салынады.
Осыған дейін туристік компаниялар Туризм комитетінің лицензиясы бойынша умра қызметін көрсетіп келді. Бұдан әрі лицензияны Дін істері жөніндегі комитет береді. Жаңа лицензияларды алу шарты әлі айтылмады.