Ссылки доступа

Қырғызстан "Кызыл-Омпол" кенін игеруге кірісті


Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров 25 қыркүйекте Ыстықкөл облысында титаномагнетит өңдейтін Кызыл-Омпол кенін игеруді бастауға рұқсат беретін шараны ашты.

Үкімет басшысының айтуынша, мұнда миллиондаған тонна титаномагнетит бар.

"Титан – медицина, авиация және ғарыш саласында қолданылатын бағалы металл. Бұл кенді игеру экспортты көбейтіп ғана қоймай, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ал бұл экономиканың дамуына импульс береді", - деген Жапаров ашылу кезінде.

Кызыл-Омпол жерінде 14 млн 757 мың тонна кен бар. Оның 95% титаномагнетит, 3% фосфор, 2% циркония, 0,22% торий және 0,17% уран.

XS
SM
MD
LG