Президент азаматтарды алдап, баспана мен ақшасы қалдырған құрылыс компанияларын сынады.
Мәліметтерге қарағанда, құрылыс министрлігі жұмыс тобын құрып, шетел тәжірибесін зерттеген. Енді Өзбекстанда баспана сатып алу кезінде эскроу жүйесі енгізіледі.
Жаңа тәртіпке сәйкес, құрылыс компаниясы үй сатуда банкпен келіседі, ал азаматтар баспана ақшасын фирмаға емес, банкке төлейді.
Жиналған ақшаны банк құрылыс жүргізушіге ресурс ретінде беріп тұрады. Банк үй сатып алушы мен құрылыс компаниясы арасында арағайын қызметін атқарады.
Эскроу жүйесі бір жыл бойы Самарқанд қаласында, Ташкент қаласының екі ауданында сыналады.