Ақаев арызын қанағаттандырмауды 71 депутат қолдаса, екі депутат қана қарсы шықты.
"Тәуелсіздік жылдары еліміз қандай қиыншылыққа тап болғанын бәрі біледі. Жақсысынан жаманы көп болды. Оған тұңғыш президент Асқар Ақаев та кінәлі" деді парламент спикері Нұрланбек Шәкиев.
Бір күн бұрын Конституциялық заңнама жөніндегі комитет Ақаев арызын қанағаттандырмау туралы кеңес берген.
Депутат Шолпон Сұлтанбекова Асқар Ақаев экс-президент мәртебесін қайтарғысы келетінін 5 қыркүйекте хабарлаған. Мемлекет басшысы Садыр Жапаров осы мәселеге қатысты шешімді парламент қабылдауы тиіс деп мәлімдеген.
Асқар Ақаев 1991-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті қызметін атқарған. 2005 жылғы 24 наурызда халық толқуы кезінде елден қашып, артынша қызметтен бас тартқан. 2010 жылғы сәуір төңкерісінен кейін Уақытша үкімет Ақаевты экс-президент мәртебесінен айырған.