Бұрын осы нысан жеке қолда болған, бірақ "Агроинвестбанк" тақырға отырғаннан кейін мемлекет меншігіне айналған.
Мемлекет мүлкін басқару жөніндегі агенттігінің мәліметінше, шайхана ғимараты 35 млн сомони (3 млн доллар) тұрады. Сауда биыл 29 қыркүйекте өтеді.
Биіктігі 43 метр, ені 100 метрден асатын ғимарат 2015 жылы Гиссар қаласының 3000 жылдығы құрметіне салынған. Мұнда жүз шақты адам жұмыс істеген, алайда үш айдан кейін жабылып қалған.