Ссылки доступа

Кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмысқа күдікті қазақстандық Ресейден елге жеткізілді


Қазақстанның Бас прокуратурасы кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынас жасаған деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады. Күдікті кінәлі деп танылса, бес жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Бас прокуратура мәліметінде бұл адам 2023 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласындағы жалға алынған пәтерде 14 жастағы қыз баламен жыныстық қатынасқа түскен деген күдікке ілінгені айтылған.

"Қылмыс жасағаннан кейін із жасырған оған халықаралық іздеу жарияланды. Биыл сәуірде ол Ресейдің Новосибирск қаласында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасы оған сұрау салып, Ресей тарапы күдіктіні елге экстрадициялауға шешім қабылдады", – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратура күдікті қазір тергеу изоляторында отыр деді, бірақ оның аты-жөнін, жас шамасын айтпады.

XS
SM
MD
LG