Ссылки доступа

Ыстықкөлде 9 жастағы қызды зорлады деген күдікпен екі ер адам ұсталды


Жеті өгіз ауданы Барскоон ауылында тоғыз жастағы қызды зорлады деген айыппен екі ер адам ұсталған.

Бұл жөнінде елдің ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Күдікті ретінде ауылдың 19-25 жастағы екі тұрғыны екі айға қамауға алынған. Оларға "адам зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оқиға 9 қыркүйекте болған. Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанда былтыр кәмелетке толмағандарға қарсы 406 ауыр қылмыс жасалған. 160 іс зорлауға байланысты.

XS
SM
MD
LG