Ссылки доступа

Өзбекстаннан Германияға 800 медбике барады. Жалақы 2200 еуродан басталады


Бехзод Мұсаев
Бехзод Мұсаев

Өзбекстан еңбек министрі Бехзод Мұсаев "Өзбекстан 24" телеарнасына сұхбат беріп, Германиямен жасалған үкіметаралық келісім шарттарын түсіндірді.

Германияның медицина және көлік салаларына еңбек ресурсы қажет, сол себепті Өзбекстанда неміс тілін үйрету курстары ұйымдастырылады. Емтиханды жақсы тапсырғандар Германияға жұмысқа барады.

"Биыл 800-ден аса медбике Өзбекстаннан Германияға барады, 400-і сонда, қалғаны тіл емтиханын тапсырып жүр. Олар қолына кем дегенде 2200 еуро жалақы алады" дейді министрі.

Үкіметаралық келісім аясында жеңілдікпен виза беріледі. Министрдің айтуынша, Германиядағы басқа да жұмыс берушілермен осындай келісім жасалмақ.

Mangold Consulting неміс компаниясы басшысының айтуынша, Германияда мыңнан аса ауруханаға медициналық маман жетіспей жатыр. Металлургия, логистика және көлік салаларына да сұрас бар. Өзбекстан маман тапшылығы мәселесін шешуге әзір екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG