Саммитте көпсалалы әріптесті әрі қарай арттыру мәселелері талқыланып, аймақ болашағына қатысты пікірлер айтылады.
Делегация басшылары неміс компаниялары мен банктерінің басшыларымен кездеседі.
Саммитте сөз сөйлеген Қырғызстан президенті Садыр Жапаров климаттың өзгеруі мәселесін көтерді.
"Мәселен, елдегі мұздықтар кейінгі 70 жылда 16 пайызға азайды, ғасыр аяғына қарай 80 пайызға жетеді. Германия да климаттың өзгеруі мәселесіне ерекше көңіл бөлетіні мәлім. Сол себепбі ГФР-мен бірлесе отырып, Бішкекте аймақтық орталық құруды ұсынамын" дейді Жапаров.
Ол Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан темір жолы құрылысы туралы да айтып, неміс кәсіпкерлеріне жаңа темір дол бойында логистикалық орталықтар ашуға кеңес берді.
"Германия – Орталық Азия" алғашқы саммиті былтыр қыркүйекте Берлинде өткен.
Қазақстан үкіметінің мәлімдеуінге, Германия – Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық серіктесі. Биыл 7 айда өзара сауда көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсіп, $2,3 млрд-ты құраған. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Германиядан Қазақстанға тікелей инвестиция көлемі 64%-ға ұлғайып, $770 млн-ға жеткен. Қаражаттың негізгі бөлігі басымдық беріліп отырған экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталған. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда Германия капиталы қатысқан 750-ден астам кәсіпорын бар.