Ссылки доступа

Қазақстанда АЭС тақырыбында "сауалнама жүргізген" төрт азамат пен екі заңды тұлғаға айыппұл салынды


Қазақстан бас прокуратурасының хабарлауынша, АЭС құрылысы мәселесі бойынша референдум өтетін кезеңде қоғамдық пікірге сауалнама ұйымдастыру тәртібі сегіз мәрте бұзылды.

Прокуратура органдары референдумға дайындықтың алғашқы күндері заң талаптары бұзылғанын анықтады.

"Республикалық референдумға байланысты қоғам пікірін білу үшін сегіз мәрте заңсыз сауалнама өткізілген. Алты жеке тұлға, екі заңды тұлға заң бұзған. Олар Орталық референдум комиссиясын алдын ала ескертпеген. Соған байланысты төрт азамат пен екі заңды тұлғаға айыппұл салынды" деп хабарлады бас прокуратура.

Прокуратура органдары қалғандарын жауапқа тартумен шұғылданып жатыр.

Осының алдында Алматы әкімшілік соты азаматтық белсенді Абзал Достияровқа 55 380 теңге көлемінде айыппұл салған. Белсенді тағылған айыппен келіспейді. Ол сауалнама жүргізбегенін айтады.

Заңға сәйкес, сауалнаманы ресми тіркелген, қоғам пікірін білуде 5 жыл тәжірибесі бар заңды тұлға жүргізе алады, бірақ ол үшін Орталық сайлау комиссиясына алдын ала ескертуі тиіс.

Қазақстанда 6 қазанда референдум өтеді. Онда "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сауал қлйыдады. 3 қыркүйектен бастап елде үгіт-насихат жүргізу басталды. 5-6 қазанда үгіт-насихатқа тыйым салынады.

Референдум 6 қазанда өтетінін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте хабарлады.

Билік референдум өткізуге қазынадан 15,5 миллиард теңге бөлді.

XS
SM
MD
LG