Ссылки доступа

Бішкекте журналист Баян Жұмағұлованың ісі сотта қарала бастады


Қырғызстанның ардагер журналисі Баян Жұмағұлованың ісі Свердлов аудандық сотында қаралып, лингвист-эксперттер куәлік берді.

Ол бұл жөнінде өзі Азаттыққа мәлімдеді.

"Менің жазғандарыма лингвистикалық сараптама жүргізген мамандардың бірі діни сенімдегі әйел екен. Сондықтан мен оның істі бейтарап қарайтынына сене алмайтынымды айтып, оны алмастыруды сұрадым. Сот оны кейінгі процесте қарайтын болды", - деді ол.

Журналистке Свердлов аудандық милициясы 22 маусымда Фейсбукта жазған "арабқұл" деген сөзі үшін "діни араздық қоздырды" деген айыппен қылмыстық іс қозғаған.

Баян Жұмағұлова 65 жаста, 2-топтағы мүгедек. Көп жылдан бері шетелде тұрады. Азаттықта жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG