Компания өкілі Отабек Амановтың айтуынша, осы құжат қабылданғаннан кейін құрылыс алаңында белсенді түрде жұмыс жүре бастайды.
"Өзатом" мәліметінше, шағын АЭС жобасы жөніндегі алдын ала жұмыстар жазда басталған. Маусым айында болашақ атом станциясы түсетін алаңда алғашқы штаб жиыны өткен. Тамыздың аяғында станция салатын вахталық қалашық құру жұмыстары басталған.
Шағын АЭС құрылысы туралы келісім-шартқа биыл 27 мамырда Ресей президенті Владимир Путиннің Ташкентке сапары кезінде қол қойылған.
"Росатом" басшысы Алексей Лихачевтың мәлімдеуінше, станция 2029-2033 жылдар аралығында салынады. Нысан Жизақ облысы Фариш ауданындағы Тузкан көлі маңына түседі.
Президент Шавкат Мирзияев Өзбекстанда АЭС салуды "өмірлік маңызды жоба" деп атаған.