Ссылки доступа

Ресей Орталық Азияның біріңғай энергия жүйесіне қосылмақ


Өзбекстан мен Ресейдің энергетика министрліктері ресейлік "Системалық операторды" Орталық Азияның біріңғай энергетикалық жүйесіне қосуға келісті.

ТАСС мәлімдегендей, бұл жөнінде Ресейдің энергетика министрі Сергей Цивилев мәлімдеді.

"Бүгін екі министрлік бірлескен мәлімдеме жасады. Орталық Азияның өзінше энергосистемасы бар, біз оған әзірге кірген жоқпыз. Бірақ ["Системалық оператор"] Орталық Азияның біріңғай энергетикалық жүйесін бірге басқару үшін біз оған кіруіміз керек, себебі біз байланыстамыз. Өзбек тарап мұны толығымен құптайды", - деді Ресейдің энергетика министрі.

Қазір Орталық Азияның энергетикалық жүйесіне Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Түркіменстан кіреді. Жазда бұл жүйеге Тәжікстан да қосылатынын жеткізген.

Орталық Азия және Қазақстанның оңтүстігін біріктіретін Біріңғай энергетикалық жүйе 1970 жылдары құрылған. Ол Ташкенттегі үйлестіру -диспетчерлік орталық тараптан басқарылады.

XS
SM
MD
LG