Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылғы қыркүйекте Әлішер Тұраевқа тиесілі "De Nova Agro" компаниясы 9,95 млрд сумның ($700 мың)тендерін жеңіп алған. Компания 1 млн түп жүзім көшетін жеткізуі керек болған. Сол кезде компанияны шенеуніктің қызы Анаис Тұраева басқарған.
Мәліметке қарағанда, Әлігер Тұраев тендер комиссиясын "өзіне адал адамдардан" жасақтаған. Олар комиссия отырысының хаттамасына қол қойған, бірақ отырыс шын мәнінде өтпеген.
Министрдің бұрынғы орынбасары, мүдделер қайшылығына қарамастан, ұлы Бекжон Тұраев негізін қалаған "De Nova Agro" компаниясына тендер алып берген.
Алайда компания жүзім көшеттерін жеткізбеген, бірақ жалған электронды шот-фактуралар жолдап, ақша алып отырған.
Бұрынғы вице-министр Әлішер Тұраев сотта тағылған айыптарды ішінара мойындаған.
Әлішер Тұраев аса ірі көлемде аөша жымқырды деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Оған мемлекеттік ұйымдарда басшылыққа қызметке тұруға тыйым салынды. Мансұр Кузибеков 5 жыл 6 айға, Анаис Тұраева 5 эыл 11 айға сотталды.