Ссылки доступа

Халықаралық ұйымдар Қырғызстанды "Клооп Медианы" жабу шешімін кері қайтаруға шақырды


6 қыркүйекте сегіз бірдей халықаралық құқық қорғаушы ұйым қырғыз билігін "Клооп Медиа" зерттеушы басылымын жабу жөніндегі шешімді кері қайтаруға шақырды.

Human Rights Watch (HRW), Amnesty International, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйым, Адам құқықтарын қорғау ұйымы, Хельсинкидеі Норвегия комитеті, Article 19, Адам құқықтары үшін халықаралық федерация және Азаптауға қарсы халықаралық ұйым бірлескен мәлімдемесінде сот шешімін сынға алды.

"Клооп Медианы" күшпен жабу қырғыз қоғамындағы ең маңызды үнді басып ғана қоймай, Қырғызстанда азаматтық, саяси құқықтарды және азаматтар еркіндігін сыйлау төмендеп бара жатқанынан хабар береді. Бұл әрекеттер қоғамның еркін ақпарат алуға құқығын бұзып, елдегі демократиялық басқарудың негіздерін басады", - делінген HRW ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша жетекшісі Хью Уильямсон.

16 шілдеде Жоғарғы сот алқасы "Клооп Медиа" қоғамдық қорын жабу бойынша шешім қабылдады. Оған сәйкес, Бішкек қаласы Октябрь аудандық сотының қорды ликвидациялау жөніндегі шешімі өзгеріссіз қалдырылғаны 29 тамызда белгілі болған. "Клооп Медианы" жабу арызымен қалалық прокуратура сотқа қайрылған.

"Клооптың" негізін қалаушылардың бірі Ринат Тухватшин Жоғарғы соттың шешімі күтілгендей болғанын, бірақ ешнәрсеге қарамай жұмыс істей беретінін мәлімдеген.

Президент Садыр Жапаров "Клооп Медиа" қорын жабу шешіміне пікір білдіріп, Қырғызстанда сөз еркіндігі осыған дейін болғанын және бола беретінін айтқан.

Kloop 2008 жылдан бері жұмыс істеп келген. Басылым зерттеу саласында бірқатар халықаралық сыйлықтарға ие болған.

XS
SM
MD
LG