Ссылки доступа

Ташкентте 1 қазаннан бастап мемлекеттік медициналық сақтандыру енгізіледі


1 қазаннан бастап Ташкент пен Сырдария облыстарында мемлекеттік медициналық сақтандыру енгізіледі. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл аяғына дейін "Электронды емхана", "Электронды аурухана" ақпарат жүйелері іске қосылады. Медицина қызметкерлерін оны пайдалануға үйретеді. Бұған қоса, мекемелерге қажетті техника орнатылады.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қарақалпақстанда, 2026 жылдың аяғына дейін Өзбекстанның басқа да өңірлерінде медициналық сақтандыру енгізіледі.

"Сақтандыру аясында медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек беру ісі мемлекеттік бюджет есебімен жүзеге асады. Азаматтардан қосымша ақы алынбайды" деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG