Ссылки доступа

"Ақ жол" партиясының мүшесі Асқар Садықов парламент қызметкеріне тиіскені үшін мандатынан айрылды


"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев
"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев

Парламент мәжілісінің депутаты Асқар Садықов сексуалдық алымсақтыққа айыпталғаннан кейін "Ақ жол" партиясының қатарынан шығарылып, депутаттық мәртебесінен айырылғаны да хабарланды.

Партия төрағасы Азат Перуашев мәлімдегендей, Садықовтың қызмет бабын пайдаланғаны және этикалық нормаларды бұзғаны бойынша бірнеше шағым түскен.

Перуашевтың айтуынша, парламент қызметкері Садықовтың оған бірнеше рет тиіскені жөнінде арызданған. Ол WhatsApp мессенжеріндегі жазбаны дәлел ретінде келтірген.

Оның айтуынша, Садықовты депутаттық мандатынан айыру шешімі жапа шеккен тарапқа ар-намысын және қадір-қасиетін заң алдында қорғауға мүмкіндік береді.

55 жастағы Асқар Садықов бұл жайтқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

2023 жылғы наурыздан бастап мәжіліс депутаты болған Садықов заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті құрамына кірген. 2013 жылдан бері "Ақ жол" мүшесі, сол кезден 2023 жылға дейін партияның Ақтөбе облысындағы филиалын басқарған. 2014-2023 жылдар аралығында Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты болған.

2023 жылы наурызда Қазақстандағы кезектен тыс мәжіліс пен мәслихат сайлауы нәтижесінде "Ақ жол" партиясы парламентке өтіп, алты орынға ие болған.

XS
SM
MD
LG