Ссылки доступа

Алишер Кадиров: Өзбекстанда советтік идеологияны насихаттауға тыйым салыну керек


Өзбекстанда советтік идеологияны, туын және символдарын насихаттауға заңмен тыйым салынуы керек. Бұл жөнінде "Миллий тикланиш" партиясының лидері, парламент мәжілісінің төраға орынбасары Алишер Кадиров Telegram-каналына жазды.

Осыған дейін Самарқанд қалалық соты жергілікті тұрғынды Конституция құрылымына зиян келтірді деген айыппен соттаған.

"Сот шешімін құрметтеймін! Өзбек елі СССР үкіметі тарапынан кемсітілген, басып-жаншылған, бұрынғы травмадан қазір де айығып жатыр. Ұлтты, иманды шетке қаққан советтік идеология бір ғана өзбек еліне емес, бүкіл адамзатқа апат әкелді. Оның зардабын әлі тартып жатырмыз", - деп жазды ол.

Тергеу материалдарына сәйкес, 1979 жылы Самарқанд мемлекеттік университетін бітірген Э. Хасанов атты азамат СССР-ді қалпына келтіру мәселесін көтерген.

XS
SM
MD
LG