Бұл шешімнің себебі белгісіз. БАӘ билігі тәжікстандық ер адамдарды не себептен еліне кіргізбей жатқанын түсіндірмеді.
Тәжікстанның СІМ БАӘ билігіне жағдайды реттеуді сұрап өтініш жолдаған.
БАӘ, Дубай соңғы жылдары жүздеген тәжікстандықтар үшін жұмыс, бизнес және туризм орнына айналды. Душанбе – Дубай бағытында аптасына төрт рет ұшақ қатынайды.