Оған Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов, Ауғанстан премьер-министрі қызметін атқарушы Абдул Ғани Бародар қатысты.
Ауғанстан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және басқа да елдердің елшіліктерінен келгендер орталық жұмысымен танысты.
Өзбекстан президенті үш жарым ай бұрын "Термез" халықаралық сауда орталығын ашу туралы жарлыққа қол қойған.
Құжатқа сәйкес, Ауғанстан мен Пәкістан азаматтары осы орталықтан сауда нүктесін жалға ала алады.
Еркін сауда аймағында халықаралық валюталармен есеп айырысуға болады. "Термез" орталығы аумағына 15 күн визасыз кіруге болатын арнайы дәліз ұйымдастырылған.