Чемпионатқа 63 елден 200-ден аса спортшы қатысады.
Халықаралық турнирдің сыйлық қоры - 400 мың доллар. Жеңімпаз 20 мың доллар алады. Бұған қоса, үздік үштікке енген командаларға да ақшалай сыйлық қарастырылған.
2022 жылы гуштингир күресі халықаралық мәртебеге ие болды. Мұндай мәртебе Швейцария әділет министрлігінде тіркеліп, тәжік ұлттық күрес федерациясына халықаралық куәлік тапсырылды.