"Мигранттар бара жатқан кемелерге көмек бермеу — үлкен күнә. Мигранттарды қабылдамай қою үшін барлық жағдайды қолданып, жүйелі түрде кедергі жасап жатқандар бар. Бұл үлкен күнә", - деді Франциск Қасиетті Петр алаңындағы сөйлеген сөзінде.
Соңғы он жылдан бері Солтүстік Африка және Таяу Шығыс елдерінің тұрғындары жақсы өмірді іздеп, қолдан қайық жасап, Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өтуге әрекет жасап келеді.
Ресми мәлімет бойынша, 2014 жылдан бері Жерорта теңізден өтуге әрекет жасаған 30 мыңнан астам мигрант ұшты-күйлі жоғалған.