Кездесу хаттамаға қол қоюмен аяқталған. Енді жұмыс тобының келесі кездесуі Тәжікстанда өтеді.
Шекара мәселесі бойынша тараптардың осыған дейінгі кездесуі биыл мамыр айында Душанбеде өткен.
Тәжік-өзбек шекарасын демаркациялау бойынша бірлескен жұмыс топтарының жұмысы 2019 жылы басталған. Екі ел арасындағы шекара сызығының жалпы қашықтығы 1 312 шақырымды құрайды.