Мәліметтерге қарағанда, мереке күні астанада Шу даңғылы, Фрунзе, Орозбеков, Раззақов, Ибрагимов және басқа да көшелерде кһкөлік қозғалысы шектеледі.
Бұған қоса, Айтматов пен Манас даңғылдары да уақытша жабылады.
ІІМ мәліметінше, Тәуелсіздік күні Бішкекте милицияның 5 мыңнан аса қызметкері қоғамдық тәртіпті сақтауға шығады. Ал жалпы республика бойынша осы күні 15 мыңнан аса милиционер жұмыс істейді.
Тәуелсіздік күні Бішкектегі Ала-Тоо алаңында ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.