Ссылки доступа

Тәжікстан үкіметі Рогун ГЭС-іне тағы 4 миллион доллар бөлді


Тәжікстан үкіметі Рогун ГЭС-інің құрылысын жалғастыру үшін тағы 40 миллион сомони (3,7 миллион доллар) бөлді. Үкімет шешімі шілденің аяғында қабылданды.

Биыл үкімет осымен үшінші мәрте су электр станциясының құрылысына қаражат аударып отыр. Бұған дейін ақпан және сәуір айларында құрылысқа 160 миллион сомони (14,5 миллион доллар) аударылған.

Қазір тәжік үкіметі аса маңызды жобаны жүзеге асыру үшін шетел капиталын іздеп жатыр. Биыл маусым айында Ислам даму банкі Рогун ГЭС-інің құрылысына 150 миллион доллар бөлуді көздейтін бағдарламаны бекіткен.

Электр станциясы құрылысың құны кейінгі 16 жылда екі есеге өскен.

Станцияны 2035 жылға дейін аяқтау үшін 6,4 миллиард доллар қажет. Шенеуніктер жобаның күрт қымбаттауын "валюта девальвациясымен, материалдардың қымбаттауымен" түсіндіріп отыр.

Қазіргі таңда зауыттың екі агрегаты салынған. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның айтуынша, үшінші агрегат 2025 жылы қосылады.

XS
SM
MD
LG