Мекеме мәліметінше, Қазақстанда вейп сатуға, әкеулге және өндіруге тыйым салынған күннен бастап 25 қылмыстық іс тіркелген.
"Осы уақыт аралығында заңсыз саудадан 22 мыңға жуық электронды құрал, сонымен бірге жеті мың ароматизатор, картридж және булағыш шығарылған. Астанада вейптер өндіретін ірі астыртын цех әшкереленген" деп хабарлады агенттік.
Биыл 20 маусымда Қазақстанда вейптерге тыйым салатын заң күшіне енді. Билік өз шешімін балаларды вейптен сақтағысы келетінімен түсіндірген. Үкімет шешімін сынаушылар мұндай шектеу қара базарды ұлғайтып, темекіге тәуелділер санын арттырады деп есептейді.