Мәліметтерге қарағанда, кейінгі уақытта Стамбұлда әлеуметтік желілерде өзбек балалары үшін түрлі мектептердің жарнамасы тарап жатыр. Жарнамаларда мұндай мектептерде шет тілі, робототехника, діни білім, информатика және дене тәрбиесіне көңіл бөлінеді деп айтылады.
«Мұндай білім мекемелерінде дін сабағы Әл ас-Сунна діни іліміне негізделгеніне қарамастан, кейбір мұғалімдердің діни көзқарасын балаларға тануы болашақта қоғамда идеологиялық қайшылық туғызуы мүмкін. Сол себепті біз ата-атаналарға балаларға мектеп таңдаған уақытта абай болуға кеңес береміз» деп хабарлады бас консулдық.
Түркия өзбек еңбек мигранттары жиі баратын елдердің бірі. Өзбекстан бас консулдығының мәліметінше, Түркияда 300 мыңнан аса өзбек мигранты бар.