Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі көмір бағасын бақылауға алады


Қырғызстанда 15 қыркүйектен бастап тоқсан күн бойы көмір бағасы мемлекет бақылауында болады. Бұл туралы экономика және сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, мұндай шара көмір қатты қымбаттап кетпес үшін қабылданып отыр. Бағаны Қырғызстан монополиямен күрес қызметі бақылауда ұстауы тиіс.

Экономика министрлігінің хабарлауынша, республика тұрғындарына қыста шамамен 1,3 млн тонна көмір қажет. Соны қамтамасыз ету үшін елдің бүкіл аймағында 500-ден аса отын базасы ашылады.

2023 жылғы желтоқсанда энергетика министрі Таалайбак Ибраев Қырғызстан болашақта елдегі кеніштерді көбірек өндіріп, көмірді Қазақстаннан импорттауды доғарады деп мәлімдеген. Үкімет осы жоспарын 3-4 жылда жүзеге асыруды көздейді.

Бұған қоса, Қырғызстан Қытай инвесторларымен 282 млн доллардың келісім-шарттарына отырған. Инвестиция елдегі көмір кеніштерін дамытуға жұмсалады.

XS
SM
MD
LG