Ссылки доступа

Самарада мигранттарға базарда және тамақтану орындарында жұмыс істеуге тыйым салынды


RUSSIA -- Migrant laborers work in a market in Moscow, June 29, 2021
RUSSIA -- Migrant laborers work in a market in Moscow, June 29, 2021

Ресейдің Самара облысында мигранттарға қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеуге, базарлар мен күркелерде сатушы болуға, сонымен бірге оларға ғимараттарды жалға беруге тыйым салынды.

Облыс губернаторының міндетін атқарушы Вячеслав Федорищев аймақтағы сауда мен тамақтану орындарынан үш айдың ішінде патентпен жұмыс істеп жүрген мигранттарды жұмыстан кетіруге тапсырма берген.

"Idel.Реалии" басылымының мәліметіне қарағанда, облыс басшысының бұйрығымен шетелдіктерге азық-түлік, сусын, темекі, мата өнімдерін, киім-кешек және басқа да өнімдерді сатуға тыйым салады.

Жергілікті билік бұл шектеулер "азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында" енгізілгенін білдірді.

XS
SM
MD
LG