Ссылки доступа

Өзбекстан Ауғанстанда 6 миллион долларға медресе салады


Өзбекстан Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласында тұрғызылып жатқан "Хайр әл-Мударис Имам Бұхари" медресесінің құрылысын қаржыландырады.

21 тамызда өткен шараға Балх провинциясы губернаторының орынбасары Нұр әл-Ходи Әбу Ыдрыс пен Өзбекстанның Ауғанстандағы бас консулы Фархад Назаров қатысты.

"Хайр әл-Мударис Имам Бұхари" медресесі 0,6 га жерге орналасады. Онда 1000 студент діни білім алады.

Ауған баспасөзінің хабарлауынша, құрылыс 6 миллион долларға бағаланған. Медресе құрылысының ашылу салтанатында ілінген баннерде осындай мәлімет бар.

Діни мекеме ғимаратының құрылысы бір жылдың ішінде аяқталады деп жоспарланған.

Медресе құрылысын қаржыландыру мәселесін биыл 12-13 наурызда Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиер Саидов пен Талибан үкіметінің жетекшілері талқылаған.

XS
SM
MD
LG