"Маймыл шешегінің біздің елде жайылу ықтималы өте төмен. Еуропаның індет тіркелген елдерінде науқастарды және олармен байланыста болған адамдарды изоляциялап, эпидемияға қарсы барлық шараларды қолданып жатыр", - деп жазылған мекеме мәлімдемесінде.
Ақпаратқа қарағанда, елдің 1980 жылға дейін туған азаматтары толығымен шешекке қарсы екпе алған. Ол вакцина маймыл шешегінен де қорғап, індеттің кең жайылуын болдырмауға көмектеседі.
ДДСҰ бұл індеттің кең тарап жатқанына байланысты 15 тамызда екінші рет төтенше жағдай жариялады.
Маймыл шешегін жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттері ауырады, денеде бөртпе пайда болады. Әдетте ол үш-төрт апта ішінде өтіп кетеді, алайда адам өлімі де тіркелген.