Ссылки доступа

Жол апаты үшін іздестірілген азамат Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды


Жол апатына себепкер болғаны үшін іздестірілген грузин азаматы Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы 21 тамызда бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, былтыр Алматы қаласында бір ер азамат мас болып көлік жүргізіп, жолдың екінші бетінде басқа бір автокөлікпен соғысқан. Екінші автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен.

Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланған.

Биыл сәуірде ол Польша аумағынан табылды.

Бас прокуратура сұрауы негізінде күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір ол тергеу абақтысында отыр. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Осының алдында Польша Қазақстанға трансұлттық топ ұйымдастырды деген күдікпен іздестірілген бір адамды ұстап берген. Сол кезде күдікті Қазақстанда есірткі саудасымен айналысқаны айтылған.

XS
SM
MD
LG