Ссылки доступа

Қырғыз соты Камчы Көлбаевтың оққағарына 50 мың сом айыппұл салды


Қылмыс әлемінің серкесі, арнайы операция кезінде өлтірілген Камчыбек Көлбаевтың оққағары – Б.А.С., Р.М.А., А.Р.Р., К.Р.С. және Ш.Ш.Б. атты азаматтарды "билік өкілін қорқыту және зомбылық" бабы бойынша кінәлі деп танып, әрбіріне 50 мың сомнан айыппұл салды.

Бұл жөнінде 20 тамызда Бішкектің Бірінші май аудандық соты мәлімдеді.

Көлбаев былтыр 4 қазанда Бішкекте арнайы қызмет тарапынан жүргізілген арнайы операция кезінде өлтірілген.

Бұл оқиғадан соң оның заңсыз тапқан делінген ондаған дүние-мүлкі, көліктері тәркіленді.

XS
SM
MD
LG