Бұл жөнінде Санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық салауатты сақтау комитеті мәлімдеді.
Мекеме мәліметінше, елде инфекциялық ауруханаларда қосымша орындар әзірленіп, қажетті дәрі-дәрмектің қоры толықтырылып жатыр. Бұдан бөлек шекараларда, әуежайларда санитарлық бақылау күшейген.
Маймыл шешегін жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттері ауырады, денеде бөртпе пайда болады. Әдетте ол үш-төрт апта ішінде өтіп кетеді, алайда адам өлімі де тіркелген.
14 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африканың бірқатар елдерінде аталған аурудың жылдам таралуына байланысты денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялаған.