"Заң жобасы арқылы Ресейге еңбек келісімі негізінде жұмыс істеуге келетін шетел азаматтарына отбасымен келуге тыйым салу қарастырылған”, – деп жазылған заң жобасы түсіндірмесінде.
Құжат авторларының айтуынша, мәселе Ресейде еңбек келісімі немесе патент негізінде жұмыс істейтін төменгі квалификациядағы мамандар жөнінде болады.
"Мигранттардың отбасы оларды үйінде күтуі керек. Шетелдік жұмысшылардың Ресейге келген туыстары топтасып тұрып, өз тілінде сөйлеп, жергілікті тұрғындарды жақтырмай қарайды. Коммуналдық қызметтерді төлемей, өте ірі сомада қарызды қалдырып кетіп жатқан жағдайлар көп. Келіп істеп, қайта үйіне қайтуы керек. Басқаша болуы мүмкін емес", - дейді ЛДПР партиясының лидері Леонид Слуцкий "РИА Новости" агенттігіне.