Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов 17 тамызда үкімет делегациясымен бірге Ауғанстанға барып, бизнес-форум мен Made in Uzbekistan көрмесіне қатысты.
Келісімдерге қол қою рәсімі 17 тамызда өтті. Оған Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов пен Ауғанстанның экономика мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарушы Молла Абдул Ғани Барадар Ахунд қатысты.
Құжаттар арасында 1,4 млрд доллардың 12 инвестициялық келісімі және 1,1 млрд доллардың 23 сауда келісімі бар. Меморандумдар Талибан мен Өзбекстан арасындағы сауданы арттыруды көздейді.