Ссылки доступа

Тәжікстанға бір жарым жылдың ішінде 8,5 мыңнан астам электромобиль кіргізілді


Ресми мәлімет бойынша былтыр Тәжікстанға 3 мың 316, ал биыл алғашқы жарты жылдықта 5 мың 266 электр энергиясымен зарядталатын көлік кіргізілген.

Тәжікстан үкіметі 2022 жылы электр көліктері импортына кеден және баж салығын алып тастаған.

Душанбе әкімі 2025 жылдың күзіне қарай барлық такси "жасыл" болады деп уәде берген.

Тәжікстанға көбінде Қытайда жасалынған электромобиль кіреді. Кәсіпкерлердің айтуынша, көлік бағасы былтырғымен салыстырғанда арзандаған.

XS
SM
MD
LG