Енді автокөлік қайта тіркеуден өткізушілер міндетті сақтандыру полисін де рәсімдеуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, автокөлік иелерінің міндетті сақтандыру рәсімдеуді қарастыратын заң Қырғызстанда шамамен тоғыз жыл бұрын қабылданған. Алайда сақтандыру полисі жоқтарға айыппұл салу жөніндегі шешім осы уақытқа дейін қабылданбай келген.
Мәліметтерге қарағанда, жеке тұлғалардың 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін уақыты бар. Бірақ заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік органдар меншігіндегі көліктерге, сонымен бірге шетелде тіркелген автокөліктер үшін мұндай талап 2023 жылғы сәуірде күшіне енген.
Міндетті сақтандыру полисін рәсімдеуге құқық беретін куәлікті 13 компания алған.
Сақтандыру жол апаты шығынын өтеу, автокөлік иесінің мүддесін қорғау үшін қажет.
Мәліметтерге қарағанда, автокөлік сақтандыру полисінің бастапты құны 1680 сом. Полис ақысы автокөлік түріне, жүргізушінің жасы мен тәжірибесіне, қаншалықты жиі апатқа ұшырағанына қарай анықталады.